Өзің жоқта өз жанымда,
болмай өмір мәні тым,
Жоқтай тіпті күндерімнің,
өтіп жатқан сәні шын.
Сен екенсің бар қызығым,
мынау сәттік жалғанда,
Дейтіндей-ақ тіреу болар,
“жанымның әз бағысың”.
Ай дидарлым сен деп ылғи,
кеудемдегі жұмырым,
Естіп жүрші бүлкілдеген,
жүрегімнің қағысын.

Сен болғанда өз қасымда,
өрлеп өрге шабытым,
Жақсы жаққа шақырады,
сапар шегер бағытым.
Мол шаттыққа кенеледі,
жүрсең жұпар таратып,
Көптен күткен өмірімнің,
жанғандай боп бағы шын.
Шын жасиды өзің болмай,
жалғыз калган шағымда,
Жігерімнің беті қайтып,
сынғандай боп сағы тым.

Сондықтан да кетпе алыс,
жүрші ылғи жанымда,
Болып әркез ықыласты,
жақсылықтың жағында.
Білші деймін мендік мәнді,
жырларымның бастауы,
Қалықтайды сұңқар шабыт,
сенің қалқам барыңда.
Кете қалсаң сәл ұзақтап,
себеп болып маңымнан,
Орала гөр аңсап жаның,
мені қатты сағын да.