Менің өлеңдерімді, мақалаларымды интернеттегі əлеуметті желіден оқып, жақсы баға беріп жатқан қаншама, бауырлас ағайындарға алғысым шексіз. Олар өлеңдерімді өз тілдеріне аударып жарияламақшы екен. Осындай көреген əзербайжандық жазушы, журналист, ақын, композитор, əнші достарыма, оқырман қауымға басымды иіп; үлкен рахметімді жеткізгім келеді. Алланың шапағатына бөленіңіздер əрдайым дегім келеді. Əнімді орындаған достарыма, бизнесімен достарымның менің суретімді салып шығарған ыдыстарына, пайдаланбасам да мен үшін алған путевкаларыңызға, жазған жақсы сөздер мен өлеңдер үшін, анау көктемде де бір апта ауруханаға түскенімде аяақтарымен тіке тұрып бүтін минздравты шулатқан достарыма, бəріне үлкен рахмет! Аман болыңыздар!