Azərbaycanın Mədəniyyət və Ədəbiyyat Portalının Qazaxıstan Respublikası üzrə təmsilçisi

Өнер деген өлшенбейді, ол — шексіз,

Табиғат та жаратылмас бөлшексіз.

Бір бақытың жол көрсетер алдыңнан,

Қай мұңыңды қай сырыңмен өлшепсіз?

Керегі жоқ мұңаюдың әрнеден,

Керегі жоқ шаршаудың да әуремен.

Кезі келер уақыттың да бір күні,

Ертелі-кеш жанды тербеп әнменен.

Жарасады күліп жүріп еркелеу,

Мүмкін емес сезімді отқа өртемеу.

Махаббаттың сиқыры бар ұққанға,

Соған қарай ұмтылмаса ертелеу…

Эльмира жан,

Падиша — ән, ханша қыз,

Жыр жазамыз бақыттылар жанша біз.

Білем сенің тылсым әуен, күй барын,

Сағынышпен өтті көктем, қанша күз.

Білем, сезем, сыршыл әлем, саз барын,

Жүрегіңді жадыратар жаз барын.

Айдыныңнан жоғалмасын аққуың,

Тамаша әнмен келіп қонсын қаздарың.

Саған анық, бақыттың да келері,

Қалам алып бұл өмірдің жаз бәрін!!!