Azərbaycanın Mədəniyyət və Ədəbiyyat Portalının Qazaxıstan Respublikası üzrə təmsilçisi

Күліп те, жылай да алам,

Төзіп те, шыдай да алам.

Тосыннан сұрағыңды,

Қоймашы бұлай маған…

Тұтаттым жаннан жалын,

Көрем деп алдан бәрін.

Кеземін арман бағын,

Сеземін Аллам барын.

Биіктік құламайды,

Сәтсіздік ұнамайды.

Бір күні өзі келіп,

Бақытым тұралайды.

Адалдық – сенім жүгі,

Үзілмес көңіл жібі.

Сәбилік сезімімнен,

Фәнилік өмір жыры.

Ешкімнен, ештеңеден,

Өкініп, көксемегем.

Лаулайды қайта жанып,

Жүректен өшкен өлең!!!