null

* * *

Жаман іс өзіңді ақтай білместік,
Əдебін адамның сақтай білместік.
Жаманнан да жаман бір іс бар,
Дос пен дұшпанды парықтай білместік.
* * *
Пікірсіз ақылдың кемі болады,
Ілім мен егеуле теңі болады.
Үлгі ал айнадан, бір күн сүртпесең,
Үстінде бір елі меңі болады.
* * *
Дедім :- Қам жеме қарныңды ауыртар,
Ашщыны көп жеме, баруыңды ауыртар.
Дедім:- Не жесең же міндет –
Меуесін жеме, бəрін ауыртар.

* * *

Ашытқы негізі ашыған қамыр,
Онсыз дəмсіз болар наның мен пəтір.
Адам арасындағы ашытқының,
Зияны бірнеше əулетке татыр.
* * *
Шат болып өмірде, ашылып, сүйін,
Көңілде болмасын кінə мен түйін.
Гүлге қара, түйінін жазып еді ол,
Бау-бақша жайнапты, жайнатты үйін.
* * *
Өзеннің жанында иіліпті тал,
Түсінсең сен егер одан өрнек ал.
Ақырын құлағыма сыбырлап,-деді,
Кердейгеннің соңы болады обал.