null

ЖЫЛАМА

Жылама жаным жылама,
Жылауға саған болама.
Онсыз да өмірің қиын,
Оларға.., ынсап сұрама.
Арын сатқан арсыздар,
Көз жасыңа, тұрама ?!
Тырнағыңды бермес едім,
Мен айтқанмен, болама?..
Құлағыңды тос, құдайға,
Əн айтамын, ұнайма.
Өзім сені еркелеп,
Алып қайтам бұл айда.
Жылама, жаным жылама!
Жылаған мен болама.
Өмір кімді сындырмайды,
Сол үшін де құлама !
Сынса сынсын тас кеудем.
Балаларды сынама!
Қор қылғандар баласын,
Тырнағына тұрама?..
Қанша жақсы əйелдер бар,
Бір тырнақ,- деп жан құдай!
Берсең берші тек соларға,
Өтсін балдар жыламай!

* * *

Шишадағы араққа тігілді бір күн,
Пікірін білді де, шығарды бір үн.
– Ақылдының алдында қадірі жоқ сумын,
Ақымақтың ақылын байлаушы түйін.
* * *
Шашсыз басқа тарақ ұрсаң не пайда?
Жамандарға аяақ ұрып не пайда?
Араққорға, айтқан ақылың қор болар,
Қатты тасқа таяқ ұрсаң не пайда?
* * *
Қар жауып секен, үйіліп тау қылар,
Ағаштар көбейіп, бақша мен бау қылар.
Арзымас боп көрінген əр жаман пейіл,
Көңліңде жиылып, жүректі дақ қылар.