Ойланшы ботам, налына бермей бір уақыт.
Адамзат үшін, болатын нағыз нұр да құт.
Болмай ма сірә, көруге жалқын жарықты,
Ғұмырға мынау, келгеннің өзі дүр бақыт?
Қарашы маңға, сан алуан түрде құлпырған,
Жазира дала, болмысы көркем сыр тұнған.
Сайраған құстар, төбеңде аспан көкпеңбек,
Кейпімен әсем, елеңдетер тыс ырқыңнан.
Маңады әне, төбеңде бұлттар құбылған,
Ғажайып қалпы, жандарға ойлы ұғынған.
Керімсал кәусар, жан сарайыңды ашатын,
Арылтар мүлде, жаныңды құса-мұңыңнан.
Ғұмырға мына, келгенің ботам шын бақыт,
Сол ғұмырыңда, басыңа келер сын да құт.
Шаттанып жүргін, өкпекте қысқа әрдайым,
Өзің де тыңдап, сөзіңді жұртқа тыңдатып…