Тауға шығам деп жүрсем,
Төбесінде жүр екем.
Қолым созған ай нұры
Алақанда тұр екен

Жарық қайда деп жүрсем,
Өзім шашып жүр екем.
Мен іздеген мейірім,
Жүрегімде тұр екен.

Бақыт қайда деп жүрсем,
Иеленіп алыппын.
Жақұт қайда деп жүрсем,
Төбемде екен жарық күн.

Игіліктің барлығы
Өн бойымда тұр екен.
Арайланған әр күнім,
Тұнып тұрған сыр екен.