null

* * *

Ақыл айту қандай оңай біреуге,
Қайғы келсе тілің келмес күрмеуге.
Сенің жайың басқа түспей, түсінбес,
Сабыр сұра шамаң келсе тілеуге.

Сабыр сұра, қайғы түссе басыңа,
Қаза келсе кəрі менен жасыңа.
Алланыкі, бəрі Аллаға қайтады,
Сөз менікі, мейлі қосыл, қосылма.

* * *

Ол саған көрсетті тура жолды,
Жүрсең де, жүрмесең де, өзің біл адам.
Мүмкін сен тұттың Ібіліс қолынан,
Жаратқан иеме баршасы аяан.

Тасыған дарияның шетінде егер,
Сусырап шөліксең айыптысың өзің.
Басыңа жауса көптеп бəлелер,
Ерніңнен шыққан шақ, жаман сөзің.

Ғайыптан бақыт күтесің не үшін,
Сенің қалбың бекерді арман етер.
Жер бетінде көрсеткен қылмысың үшін..
..Іздеме көктен айыпты бекер.