* * *
Бұл дүниеге ұры да келер,туры да келер,
Пəк болу да əлдекімнің арманы.
Күнə мен сауапты əркім білер,
Ел ішінде жақсысы бар, жаманы.
Өмірдің ағымын тоқтату қиын,
Ара түспес ешкім қарылған лайынан.
Бір рет тазаланып алғаннан кейін,
Істерін бастайды келген жайынан…
ҚАРДАҒЫ ГҮЛ
Махаббаттан көңлім қалды көктем де,
Түңілдіріп күздің ізі жеткен де..
Гүл сыйладың маған ғашық бір адам,
Қар гүліне өмірім де ұқсап кеткен бе?
Үйреніп те қалдым бүгін суыққа,
Өтінемін келіп бекер жылытпа.
Екеу болып, жалғыз болып өткенше,
Қуантамын қарда жалғыз тұрып та..