Көктемде тау жаңғағы көзді қуантырды

Тау жаңғағы жетілмей тұрып, “басқалар теріп кетпесін”, деген қауіппен қаға бастады. Бейшара ағаш адам баласына мəуесін түйіп бергені үшін таяақ жей бастады. Есепсіз аямай ұрды. Ағаштың жапырақтары көз жас сияқты төгілді. Бірақ адам балалары бұған назар аударған жоқ. Əлі тірі жапырақтарды таптады. “Ағаштың таяақ жеген шақтары, наудасы да азап көрді, азап бердік – ау”, деген пікір ешкімнің ойына келмеді.
Бұл ғой, ағаш, тілсіз, біздің түсінігімізде жансыз бір нəрсе. Ағашты ұрып, сабалап қоя салсақ мейлі еді.
Өмірде…
Өз жанымызда бірге жасап жатқан адамдарды ауыр сөз таяағы мен сабалаймыз. Жүректері қан қақсап кесте де сабалай береміз. Оның үнді көз жасына, үнсіз қайғысына назар аудармаймыз. Сабалап – сабалап жанымыз кіреді. Ағашты ұрудағы мақсат мəуесін теріп алу. Ал адамдарды сабалап не теріп аламыз?
Күнəлəрімізді көбейткен қапты толтырамыз ба? Жаңғақ тола қапты арқалап базарға асығамыз. Күнəміз тола қапты арқалап қайда барамыз?..